Kyzylorda-news.kz Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында жұмыссыздар мен жұмыссыз жастарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке барысында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаев, Қазалы ауданының Мансап орталығы филиалының директоры Болатбек Баймаханов пен тиісті мамандар және жұмыс берушілер тарапынан жұмыс іздеушілердің сұрақтарына жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жәрмеңкеде ауданға қарасты 25 мекеме мен жеке кәсіпкерлерден 131 бос жұмыс орындары және 2024 жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 22 жоба бойынша құрылыс жүретін уақытқа 65 уақытша бос жұмыс, Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жастар тәжірибесіне 255, әлеуметтік жұмыс орнына 3, алғашқы жұмыс орнына 24, ұрпақтар келісім шартына 4, қысқа мерзімді оқу курсына 30 бос орындары ұсынылып, мемлекеттік қайтарымсыз грантқа 146 адамға қаржы қаралғаны хабарланды.
Жәрмеңкенің нәтижесінде 12 жұмыссыз адамға тұрақты жұмысқа, 5 жас маманға жастар тәжірибесіне және 5 жұмыссыз адамға әлеуметтік жұмысқа жолдама берілді.
 

Тағы да оқыңыз: