Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалы жанындағы бақылау тобы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және кәсіпкерлік бөлімінің мамандарымен бірлесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанармай бағасы мен қорына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Аудан орталығындағы сауда орындарын аралау барысында халық күнделікті көп тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, оның ішінде бірінші қажеттіліктегі нан, сүт тағы басқа өнімдерінің бағасын шекті бағадан асырмау жөнінде кәсіп иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Халықтың қалтасына қонымды бағада.
Мұнан соң мониторингтік топтың жұмысы дәріханалар мен жанармай бекеттерінде жалғасты. Тексеріу барысында жанармай бекеттерінде баға мөлшері және қауіпсіздік техникасы сақталғандығы анықталды. Ал Әйтеке би кентіндегі дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бағасы қалыпты екендігіне бақылау тобының мүшелері көз жеткізді.
Бұған дейінде бақылау тобы өз жұмыстарын үздіксіз атқарып келеді. Аталған жұмыстар тұрақты бақылауда болғандықтан әр апта сайын азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанармай бағасына мониторинг және талдау жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.