Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалыда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Әйтеке би кентіндегі Қ.Пірімов көшесінің бойында өткен жәрмеңкеде Қазалы қаласы мен ауылдық округтерден келген 10 тонна картоп пен көкөніс, 6 тонна күріш, 3 тонна асқабақ, 3 тонна балық, 20 қой және «Қазалы» конфеті тұрғындарға тиімді бағада сатылды.

Жәрмеңкеде тұрғындар тарапынан жергілікті өнімдер: картоп, пияз және асқабаққа деген сұраныс өте жоғары болды.

Жәрмеңкеге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, ауылдық округтерден әкелінген бау-бақша өнімдерімен танысты.

Аудан басшысы жәрмеңкеге келген тұрғындармен пікір алмасып, биылғы өнімнің сапасына оң бағасын берді.

«Берекелі Алтын күздің өнімін алуға жәрмеңкеге келдік. Базар бағасынан әлдеқайда арзан екен. Азық-түліктің сапасы да көңілге қонымды. Халыққа тиімді әрі сапалы өнім ұсынып жатқан кәсіпкерлер мен ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Бір жағынан үйімізге азық-түлік алып, бір жағынан жаздай тер төккен диқандар қауымына қолдау көрсетіп жатырмыз. Сондықтан қай жағынан алып қарасақ та ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі халық үшін тиімді екені сөзсіз», - деді аудан тұрғыны Нұрғиса Берекетов.

 

316416315_3516474291906826_6022718661994156241_n.jpg316173233_3516474395240149_1689671232799288399_n.jpg315890902_3516474271906828_7036378005010532203_n.jpg

Тағы да оқыңыз: