maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Ұлттық мереке – Республика күніне орай Басықара елді мекенінде ауыл күні тойланды. 

Ауыл күні Басықара Құрманұлының 265 жылдығы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбубәкір Тыныбаевтың 95 жылдығы және Басықара елді мекенінің құрылғанына 60 жыл толуына арналды.

Басықара ауылы – қасиетті Қазалы жеріндегі қазақы қаймағы бұзылмаған, бір-бірімен тату-тәтті, ынтымағы мен берекесі жарасқан мекеннің бірі. Сондықтан болар басықаралықтардың бірлігі бекем, тірлігі тиянақты. Аудан орталығына жақын орналасқан мұнда биыл көптеген жұмыстар қолға алынды. Ауылға кіре беріс жолдағы апаттық жағдайдағы көпір қайта салынып, елді мекенге көгілдір отын тартылды. Басықаралықтар жақын арада жақын арада бұл жұмыстардың игілігін көретін болады. Сондай-ақ Әйтеке би кенті мен Басықара елді мекені арасындағы жол асфальтталды. 

Ауыл күніне арналған шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ең алдымен жол жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілгенін жеткізді.

Мұнан соң ауыл орталығындағы саябақ іішінен ескерткіш тақта ашылды. Мұнда елді мекен іргетасы қаланған уақыттан бері осы ауылда тұрып, еңбек еткен жандардың есімдері қашалып жазылған.  

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, Арал, Жаңақорған және Қазалы аудандарының құрметті азаматы Нажмадин Мұсабаев құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебізін жеткізді.

Ауыл күніне арналған шара "Басықара – жұмақ мекенім, өзіңді мақтан етемін" атты танымдық кешке ұласты.

Басықара ауылдық клубында өткен шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, игі тілегін білдірді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына аудан әкімінің "Құттықтау" хатын тапсырды.

Салтанатты шарада ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шәкірат Сейтекен де құттықтау сөйлеп, ауыл күнін өткізуге атсалысқан басықаралықтар мен аудан басшыларына алғысын жеткізді.

Ауыл күніне арнайы келген қонақтарға жергілікті өнерпаздар мен "Ар-Дана" әжелер ансамблінің әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік бағдарлама аясында ауыл тұрғындары футбол, қол күрес, үстел теннисі, қазақша күрес, арқан тартыс және қой көтеруден өткен сайыстарды тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегер командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Мерекелік шара кешке орталық саябақта ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасады.

басыкара1.jpg
311310375_3493239284230327_276661329732354200_n.jpg

Тағы да оқыңыз: