Kyzylorda-news.kz «Облыс әкімінің көктемгі көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық айлығын жүргізу туралы 2024 жылғы 29 ақпандағы №56-ө өкіміне сәйкес, сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аймақ» науқанына орай, Әйтеке би кентінде санитарлық-тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазалы ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Әйтеке би кенті көшелерін көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары жеті аймаққа бөлініп, жұмыстар (көше бойындағы шөптерді шабу, электр бағаналарын әктеу, сырлау және тағы басқалары) іске асырылып тұрады. Әйтеке би кентінің санитарлық тазалық жұмыстарын Әйтеке би кенті әкімінің аппараты жанынан ашылған «Қазалы Абаттандыру» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен жарияланған конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз деп танылған «Автотех оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып келеді.

Сондай-ақ, Әйтеке би кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды залалсыздандыру және оны жою үшін (полигон) арнайы қоқыс алаңы өз жұмысын жүргізуде. Дегенмен, шаһардың шет аймақтарына тұрғындардың қоқыс тастаулары тыйылмай тұр. Арнайы топ мүшелері құрылып, Әйтеке би кентін рейдтік аралау барысында бірнеше рет қоқыс тастаушылар анықталып, тиісті айыппұл салынды. Водокачка елді мекеніне барар жол, қазақ корымы, айналма жол аумағында әлденеше жылдан бері жиналған қоқыстар арнайы техникалармен көмілуде» делінген.

Тағы бір білгеніміз, Әйтеке би кентінде жалпы ұзындығы – 161,424 шақырымды құрайтын – 220 көше бар. Оның – 56-сына асфальт қабаты құйылып, 126-сына қиыршық тас төселсе, 38 көшеге саз аралас топырақ төгіліп, тегістелген. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қаралған қаржыға кент ішіндегі Бегім ана, Сырым батыр көшелеріне күрделі жөндеу, С.Сейфуллин көшесіне ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Сонымен қатар, 12 көшеге қиыршық тас қабатын төсеу бойынша келісімшарт жасалуда. Ал, техникалық жағдайы нашарлаған асфальтты – 10 көшеге, қиыршық тас қабатты – 6 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынуда.

Қазіргі таңда кенттің – 45 көшесі аяқ сумен қамтылған. Оның ішінде – 12 көшеге су өз ағынымен беріледі. Қалған – 33 көше су айдайтын насостар арқылы тұтынады. Әйтеке би кенті аумағында – 6 жерде су насостары орнатылған. Кентішілік көшелерді аяқ сумен қамту үшін мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсы бойынша жеке кәсіпкер «Қамбар» анықталып, келісімшарт жасалып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі таңда ұзындығы 2 шақырымды құрайтын арық қазу, бұрынғы арықтарды және «Қараарық» «Кіші қараарық» каналдарын тазарту жұмыстары жүзеге асырылды. Сонымен қатар, кентішілік арықтарға аяқ сумен қамтамасыз ету үшін – 5 дана насос құрылғысы сатып алынып, іске қосылды.

Ал, №5-ші квартал аумағында аяқ су арықтарының болмауы салдарынан диаметрі – 110 мм болатын, жалпы ұзындығы – 4,8 шақырым пластик труба арқылы – 6 көшеге аяқ су жіберілуде. Әрбір үйдің тұсына арнайы қондырғы (180 дана винтиль) қалдырылған. Трубалар көшенің екі бетінде орналасқан. Жылжымалы электрлі насос (гном) арқылы, аптасына төрт рет кезек-кезегімен аяқ су жіберіледі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тазалық пен ұқыптылық күнделікті өмір салтымызға айналуы қажет. Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек» деген сөзін қаперде ұстаған абзал.

Тағы да оқыңыз: