Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев жұмыс сапарымен Қазалы ауданына барды.

Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен аудандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мәселелер бойынша мәжіліс өтті.

Мәжілісте Ғабит Жаңабаев халықтың жұмыспен, әлеуметтік көмекпен қамтылуы, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бойынша көрсеткіштердің орындалу барысына тоқталды.

Мейрамбек Зинабдинұлы жиын барасында бірқатар ауылдық округтердің «Алғашқы жұмыс орны» жобасы, жастарға берілетін 2,5 пайыздық несие, түрлі жобалар үшін мемлекет тарапынан берілетін грант мүмкіндіктерін пайдаланбай, белгіленген көрсеткіштерді мүлде орындамаған округ әкімдеріне қатаң ескерту берді. Сонымен қатар аудандық «Мансап» орталығының директоры Болатбек Баймахановқа кент, қала және ауыл әкімдерімен бірлесе отыра жастардың өз кәсіптерін бастау үшін 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Жиын соңында аудан әкімі 2024 жылға арналған индикаторларының бекітілген жоспарын өз деңгейінде орындап, мемлекет тарапынан берілген қолдауды тиімді пайдаланып, тұрғындарды, әсіресе, жастарды жұмыспен қамту мәселесін басты назарда ұстау қажеттігін ескертті.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев ауданға жасаған жұмыс сапары барысында Мейрамбек Зинабдинұлымен бірге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық «Мансап» орталығының жұмысымен танысты.

430657516_717499320569296_6311649156762942849_n.jpg

Тағы да оқыңыз: