Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысының құрылғанына – 85 жыл толған мерейтойын тойламақ. Сол секілді Қазалы ауданының да құрылғанына – 95 жыл болып отыр.
Жыл басынан бері аудада 95 жылдық аясында ауқымды шаралар өтуде. Бұдан бөлек, мереке ауданда кең көлемде аталып өтетін болады. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, тағылымы мен тәрбиелік маңызы зор, рухани-мәдени, спорттық бағыттағы түрлі жиындар, жарыстарды өткізу жоспарда бар.