Kyzylorda-news.kz.  ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың ІІІ тоқсандағы халықпен кездесуі жалғасып жатыр.

Соған сәйкес бүгін аудан басшысы Аранды және Бозкөл ауылдық округтеріне арнайы барып, тұрғындардың талап-тілектеріне құлақ түрді. Кездесуде Мұхтар Әуесұлы жыл басынан бері ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын аудан басшысының назарына ұсынып, шешілу жолдарын сұрады. Атап айтар болсақ, көшелерді асфальттау, қатты отын мәселесі, аяқ су тапшылығы және «Әбдірейім» каналын қазуды жеткізді.

369745077_3724639051090348_3395287598901023412_n.jpg

Халықтың көтеріп отырған түйткілдері орынды екенін айтқан Мұхтар Әуесұлы, ұсыныс-пікірлердің ескеріліп, барлығы кезең-кезеңімен шешімін табатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, «Әбдірейім» каналын қазу үшін тиісті жұмыстары жүргізілетінін де қоса кетті. Аудан басшысының Қожабақы ауылына сапары кезінде жеке қабылдауға жазылып, сауал жолдағандар да болды. Қабылдауда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және білім саласына қатысты сұрақтар жолданып, аталған бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді. Бұдан соңғы кездесу Бозкөл ауылдық округінің тұрғындарымен болды. Қ.Ерімбет атындағы №96 орта мектептің ауласында өткен кездесуде аудан басшысы жарты жылдықтағы жағымды жаңалықтармен бөлісіп, шешімін табатын жұмыстарға тоқталып, халық жолдаған сауалдарға да жауап берді.

Ашық аспан астындағы кездесуде округ жұрты көптен айтып келе жатқан балабақша жайын көтерді. Сонымен қатар, ауыл шетінен бұлақ қазу мәселесін де ортаға салды. Мұхтар Әуесұлы тұрғындардың талап-тілегі ескерусіз қалмайтындығын, қажетті шаралар бірлесіп атқарылатындығын жеткізді. Сондай-ақ, айтылған ұсыныстарға байланысты жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жиыннан соң аудан басшысы округтегі білім ошағының жаңа оқу жылына дайындығынан хабар алды. Оған қоса округте жаңадан бой көтеріп жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен де танысты. Құны – 400 млн.теңгеге жуық болатын нысанға жауапты мердігер мекеме – «Болашақ» ЖШС. Мамандармен кездескен аудан басшысы құрылысқа асқан жауапкершілікпен қарап, сапасына мән бере отырып, қазан айында ел игілігіне беру қажет екенін ескертті.

Айта кетейік, халықпен кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, аудандық мәслихат депутаттары Күншығар Әбілов пен Райымбек Бөлебаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов және бірқатар дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.

Мұхтар Оразбаевтың тұрғындармен кездесуі шалғайда орналасқан елді мекендерге жалғасын тапты. Аудан басшысы ең әуелі Қызылқұм ауылдық округі халқымен дидарласып, аудан көлеміндегі атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарды сөз етті. Оған қоса алдағы мақсат-міндеттермен бөлісіп, алыстағы ағайынның талап-тілектеріне құлақ түрді.

№225 орта мектептің ауласындағы кездесуде ауыл жұрты бірінші кезекте жол мәселесі екенін жеткізді. Сосын округ ішіндегі бірқатар көшелерге асфальт төселсе екен деген тілегін айтты.Мұхтар Әуесұлы әрбір ұсыныс үнемі назарда болып, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынына тоқталды. Бұдан кейін аудан басшысы елді мекендегі жаңадан бой көтеріп жатқан мәдениет ошағы мен дәрігерлік амбулаторияның құрылысын көрді.

369687394_3724662021088051_789981578481308403_n.jpgОкругте құрылысы қарқынды жүріп жатқан 100 орындық клубқа жауапты мердігер – «SCS Инжиниринг» ЖШС. Ал жуырда ғана құрылысы басталған дәрігерлік амбулаторияға жауапты «Аман-Құрылыс» ЖШС. Қос ғимараттың жұмысымен толық танысқан аудан әкімі құрылыс қарқынын жеделдетіп, сапасы қатаң бақылауда болу қажеттігін айтты. Оған қоса белгіленген уақыттан қалдырмай ел игілігіне беруді тапсырды.

Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Тасарық ауылдық округіне ат басын бұрды. Аудан басшысы ең әуелі елді мекеннен салынып жатқан орталық саябақтың құрылысын көрді. Жүйелі жұмысты мердігер мекеме – «Сарым Құрылыс» ЖШС атқаруда. Қазіргі таңда саябақтың брусчаткалары басылып, сахнасы тұрғызылып, сырты толық қоршалған. Ендігі әрлеп, сырлау жұмыстары қалып тұр. Бұдан бөлек, мұнда түнгі жарықшамдар жүргізіліп, көрермендерге арналған орындықтар қойылатын болады.

Тасарықтағы ағайынмен өткен кездесуде аудан басшысы оңтайлы шешімін тауып келе жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын да тыңдады. Елді мекен жұрты жиында жолдың мәселесін көтеріп, түнгі жарықшамдар қажеттігін де жасырмады.

Мұхтар Әуесұлы көтерілген мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен шешімін табатындығын жеткізіп, жолдарын түсіндіріп өтті. Аталған ауылдардағы басқосуда аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақовта сөз алып, ел-халық ауыз біршілікте болса түйіні тарқатылмайтын түйткіл болмайтынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: