Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев жеке қабылдауына жазылған тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелердің шешілуіне қажетті тетіктерді қарастырды. 

Жеке қабылдауға тұрғындардың өтініштеріне сәйкес аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімі қатысты.

Жеке қабылдауға келген тұрғындардың дені тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесін қозғады. Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу проблемасы да көтерілді. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан Әйтеке би кентінен жер алу мәселесі қозғалды. Ал, Бекарыстан би ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер мал жайылымдылығына байланысты қиындық туындап отырғанын жеткізді.

Қабылдау барысында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев әрбір тұрғынның мәселесін тыңдады. Тұрғындарға барлық мән-жай түсіндіріліп, оларға заңдылыққа сәйкес түсініктеме берілді. 

Сонымен қатар аудан әкімі жұмыс сұраушыларға бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті бөлімнің жауапты қызметкерлеріне тапсырмалар жүктеді. Алдағы уақытта қабылдауға келген тұрғындардың мәселелері оң шешімін табатынына сенім мол. 

казалы1.jpg

Тағы да оқыңыз: