Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев кезектілікке сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Келушілер аудан басшысына өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға келгендердің дені тұрғын үй мәселесін алға тартып, Қазалы ауданының 95 жылдығы аясындағы өтетін шараларға қатысты өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, жеке түйткілдерін жеткізді.

Мұхтар Әуесұлы әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Тағы да оқыңыз: