Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауда тұрғындар өздерін алаңдатқан түйткілдерін қозғап, көкейдегі сауалдарын жолдады. 

Оның ішінде көшелерге түнгі жарықшам орнату мен асфальттау, тұрақты жұмысқа орналасу және тағы да басқа мәселелер қозғалды.
Аудан басшысы әрбір келушінің сауалдарына заң аясында байыпты түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ, алдағы уақытта түйткілді мәселелерді бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.
Айта кету керек, келушілер қатарында Қазалы ауданының тумасы, қазіргі таңда Астана қаласында тұратын Балтабай Исмайлов та болды. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ризашылығын жеткізгісі келген ақсақал арнайы жеке қабылдауға жазылыпты.

«Қазалы көркейіп келеді. Көптеген жұмыстар істелуде. Жыл өткен сайын көрікті ғимараттар, кәсіпкерлік нысандар бой көтереді. Бұның бәрі біз үшін қуанышты жаңалық. Туған жердің дамып, гүлденгенін кім жек көрсін. Бұл ретте аудан тұрғындары мен басшылық тарапқа ризашылығымды білдіремін», – деді ақсақал.

Тағы да оқыңыз: