Kyzylorda-news.kz  Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет Қазалыдағы бірқатар құрылыс мекемелерінің басшыларымен кездесті. Алдымен, мекеме басшыларымен танысып, Наурыз мерекесімен құттықтады.

Құрылыс – материалдық өндіріс саласы. Негізінен әртүрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса, қабат жүргізілді. Құрылыс ашық жерде және әртүрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да, құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Қазалы ауданының басшысымен кездесуге «Қазалы Тұлпары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры, ардагер құрылысшы Ашықбай Тоғымов, «Қазалы Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Әділбек Сарабеков, «Намыс құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Әбдімәлік Өтеулі, «Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Панабек Әлиев, «Нұрас и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Нұркен Ботабаев, «Энергомера» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Бекетай Мұхашев, «Сарым Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Райымбек Бөлебаев сынды бірқатар құрылыс мекемелерінің басшылары қатысты.

Мұнан соң, Қазалы ауданында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары сөз болып, Қазалы ауданының басшысы ең бірінші кезекте сапаға мән берілу қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, биыл бірнеше нысанның құрылысы басталатынын тілге тиек етті.

Кездесу барысында, ардагер құрылысшы Ашықбай Тоғымов пен «Намыс құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Әбдімәлік Өтеулі Қазалы ауданында алдағы уақытта басталатын жобалармен жергілікті мердігер мекемелердің айналысуы жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді.

Басқосуды Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет қорытындылап, аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту, ауданды көркейту, дамыту бағытында жаңа жобалармен тың идеяларға әрдайым қолдау білдіретіндігін жеткізіп, бұл бағытта бірлесе жұмыс жасауға шақырды. 

Тағы да оқыңыз: