Kyzylorda-news.kz.  Биыл Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл болса, қасиетті мекен Қазалы ауданына – 95 жыл толып отыр. Осыған орай жыл басынан бері ауданымызда түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, қазалылықтар мерейтойды сән-салтанатпен атап өтті.

Ал бірер күн бұрын аудан халқы 95 жылдық мерейтойды кең көлемде тойлап, мерейтойлық іс-шараларды қорытындылады.

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданның 95 жылдық мерейтойын атап өтудегі қорытынды мәжіліс өтті.

Мәжілісте аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мерейтой аясында өткізілген ауқымды шараларды ұйымдастыруға атсалысқан барша азаматтарға шынайы ризашылығын жеткізіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар зиялы қауым өкілдері мен еңбек ардагерлерін мерекелік медалмен марапаттады.

Мәжіліс соңында Қызылорда облысының «Құрметті азаматы», «РЗА» акционерлік қоғамының президенті Самұрат Имандосов сөз алып, жиылғандарды мерейтоймен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

Казалы  2.jpg

Тағы да оқыңыз: