Kyzylorda-news.kz Жаз мезгілінде су айдындарында демалушылар санының артуына байланысты судағы қауіпсіздік мәселесі өзекті болып отыр. Осыған орай Қазалы ауданында тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Сырдария өзені мен өзге де су айдындарында қауіпсіздік талаптарын түсіндіру және алдын алу шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Мамандар тұрғындарды тек арнайы белгіленген және рұқсат етілген орындарда шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе тереңдігі белгісіз, ағысы қатты және жағалауы қауіпті аумақтарда сақтық шараларын күшейту қажеттігі ескертілуде.
Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруда.
Аудан аумағында ескерту тақтайшалары мен ақпараттық билбордтар орнатылып, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қауіпсіздік талаптары кеңінен насихатталуда.
Сонымен қатар, су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізіліп, тұрғындардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғасуда.
«Су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау – әр азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды кепілі», – деді Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі Алтынбек Сауытбекұлы.
