Kyzylorda-news.kz. "Жалаңтөс батыр" ЖШС-нің егіс алқабына аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбековтың төрағалығымен көшпелі штаб отырысы өтті.

Мақсаты - егістік жерлерді малдан қору туралы тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмысын жүргізу.

Штаб отырысына "Жалаңтөс батыр" ЖШС-нің басшысы Қ.Әлімбайұлы, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Е. Сейтов, аудандық ветеринария станциясы мекемесінің басшысы Б. Әміреев, Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Қарашеңгел, Құмжиек, Басықара ауылдық округтерінің әкімдері мен учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Жиын барысында Күнтілес Айдарбекұлы Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округ әкімдеріне пада бағу жұмыстарымен бірге кезекшілікке шығуды ұйымдастыру жұмыстарын күшейту жүктелді.

Сондай-ақ, шаруашылықтар тарапынан егістік қарауылдарын көбейтуге және егіске түскен малдарды қамап, заңдылықтарға сәйкес учаскелік полиция мен ветеринариялық станция және әкімдік өкілдерін қатыстыра отырып, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-бабының, 1 тармағына сәйкес шара көру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берілді.

Тағы да оқыңыз: