Kyzylorda-news.kz. Көктем шуағы еніп, жер сызы кетісімен, дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталды. Осыған орай, Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев егіс алқаптарын аралады. 

Ең алдымен аудан басшысы Бекарыстан би ауылындағы «Сақыбай» каналындағы механикалық тазалау жұмыстарымен танысты. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бұл жұмыстар егістік және жайылымдық жерлерді ағын сумен қамтамасыз етуде өз тиімділігін көрсететінін айтты. Сонымен қатар аудан басшысы мұндағы маңызды істі бірлесе атқаруды тапсырды. 

Сондай-ақ аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы Майдакөл ауылдық округіндегі жайылымдық және шабындық жерлерді тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін «Қараарық» каналына ат басын бұрды. Ол ондағы еңбекші қауымға сәттілік тіледі. 

Одан соң аудан әкімі «РЗА-Агро» ЖШС-ның егіс алқаптарына арнайы барып, егіс даласындағы еңбеккерлермен кездесті. Қазіргі таңда мұнда көктемгі егіс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі күнге 600 гектар есік жоңышқа тырмаланып, 120 гектар жаңа жоңышқа егілген. 

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан көлемінде атқарылып жатқан көктемгі дала жұмыстары күн тәртібінен түспей, бақылауда болатынын жеткізді.

336290110_2424333071073432_97672549664845896_n.jpg
су.jpg

Тағы да оқыңыз: