Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ринад Тілептің төрағалығымен құқықтық оқыту өткізілді. Құқықтық оқытуға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Аталмыш шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктіліктерін пайдалана білу және игеру мүмкіншіліктерін камтамасыз ету, сондай-ақ құқықтық мәдениетін, сауаттылығын арттыруға, бағытталған практикалық көмек көрсету.
Басқосуда алдымен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Бақытбек Абдуллаев прокуратура тарапынан түскен ұсынуларда жол берілген кемшіліктер туралы айтып өтті.
Мұнан соң аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Абай Дидаров «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысы мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары туралы баяндама жасады.
Ал, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Дидар Сәдуақас ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру туралы түсіндірді.
Семинарға қатысушылар хабарламашыларға күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды. Жиын соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктелді.