Kyzylorda-news.kz Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта азаматшаның кәмелетке толмаған ұлының жүргізуші куәлігінсіз автокөлік басқарғаны және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Осылайша, анасы баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны тиісінше тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған.
Сот отырысында азаматша өз кінәсін толық мойындап, мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынын мәлімдеді.
Сот қаулысымен азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 60 550 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай
