Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданының тұрғындарын көгілдір отынмен қамту жұмыстары бойынша соңғы жылдары ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мәселен, 2022 жылы ауданда Басықара, Қ.Пірімов, Жалаңтөс батыр ауылдары көгілдір отынға қосылса, 2024 жылдың аяғында Абай ауылы және 2025 жылы Ақтан батыр ауылы табиғи газ отынына толыққанды қосылды.

2024 жылы Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев елді мекендеріне газ жеткізу құбырларының құрылысына 1 млрд. 562,4 млн. теңге қаржы бөлінсе, 2025 жылға жобаның жұмысын жалғастыруға 2 млрд. 171,1 млн. теңге бөлініп, жұмыстары толық аяқталған болатын. (Жоба құны 3 млрд. 733,5 млн. теңге).

Қазалы ауданында 4 ауылды газға қосу жұмыстары жүргізілуде.jpg

2026 жылға Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев елді мекендеріне орамішілік газ желілері құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 680 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінде елді мекендерге орамішілік газ жүргізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Айта кетейік, ауданда бұдан бөлек елді мекендерді газдандыру бойынша Ақсуат, Байқожа елді мекендеріне орамішілік газ желісін жүргізуге және Өркендеу, Бірлік, Қожабақы, Аранды ауылдық округтеріне магистралды газ желілерін жүргізу жобасы әзірленген.

720675241_4651860415034869_2179452177264308971_n.jpg

Бүгінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қазалы ауданындағы Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында 2 спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Әйтеке би кентіндегі Қазалы мәдени-демалыс кешені аумағында бой көтеріп жатқан құны 643 млн теңгені құрайтын спорт кешенінің құрылысын «Болашақ» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Қазіргі таңда нысанда ішкі сылақ жұмыстарын жүргізу, кафель жапсыру, жылу батареяларын орнату және сыртқы абаттандыру жұмыстары атқарылуда.

720219018_4651853358368908_4132819491184641203_n.jpg

Ал Қожабақы ауылындағы құны 537,1 млн теңгені құрайтын спорт кешенінің құрылысын «Намыс-Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі таңда ғимараттың сыртқы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ішкі әрлеу, сырлау және сәндеу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілер толық тартылып, нысанды пайдалануға беру бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.

Айта кетейік, жылдың басында Бекарыстан би ауылында да жаңа заманауи спорт кешені ауыл халқының игілігіне пайдалануға берілеген болатын.

Тағы да оқыңыз: