Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында кезекті Жолдауды насихаттау бойынша тікелей эфир жүргізілді.

Тікелей эфирді Қызылорда облыстық мәслихат депутаты, аудандық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ибайдулла Тілепұлы жүргізіп, Жолдауда айтылған негізгі мәселелерге тоқталып, маңызды құжаттың өзіндік ерекшеліктерімен көрініс тапқандығын атап өтті.

Айта кетейік, Ел Президентінің Жолдауын тұрғындарға тереңнен насихаттау үшін арнайы партия филиалы жанындағы топтар құрылып, ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілуде.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттердің маңызын түсіндіріп, кеңінен насихаттау мақсатында аудандық әйелдер және аналар кеңесі мүшелерімен кездесу жиыны өтті.

Бұл жиынды партия филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев ашып, Жолдауда міндеттелген бес бағытты айшықтап, жеке-жеке тоқталып өтті.

Жиын соңында қатысушылар Жолдауға ерекше қолдау бар екенін жеткізіп, зейнеткерлікке шығу, бір, екі және үш балалы аналарға жәрдемақы беру жұмыспен қамту тақырыптарында ұсыныстарымен бөлісті.

Тағы да оқыңыз: