Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев кезектілікке сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тұрақты тыңдап келеді.

Жеке қабылдауға келушілер аудан басшысына өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Жол, тұрғын үй,  “Ауыл аманаты” жобасы және жеке мәселесін жеткізген тұрғындарға Мұхтар Әуесұлы заңдылыққа сәйкес жауап беріп, көтерілген мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Тағы да оқыңыз: