Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов ауданның батыс беткейіндегі тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. 

Басқосуда Дәурен Оңғарбайұлы аталған аумақ жастарының жуырда ғана ауызбіршілікпен ауқымды шараны өткізгенін айтып өтті. Сондай-ақ, татулықты ту еткен тұрғындардың бірлігіне ризашылығын білдірді. 

Сонымен қатар аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тапсырмасына сәйкес жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу бойынша арнайы топтардың рейд жұмыстарын жүргізіп жатқанын тілге тиек етті.

Оған қоса мемлекет тарапынан жастарға берілетін несие аясында, «Ауыл аманаты» жобасы туралы және өскіндердің әскерге баруы жөнінде түсіндірме жасады. 

Мұнан соң жастар өздерінің талап-тілектерін жеткізіп, түрлі сауалдар жолдады. Әрбір сұрақтарға жеке-жеке тоқталған аудан әкімінің орынбасары барлығы уақытымен шешім таба беретінін айтты.

Ағайынды ауызбіршілікке шақырып, көпшілікті ортақ мекеннің гүлденуіне біркісідей атсалысуға үндеген Дәурен Тілеумбетовті тұрғындар құптай кетті. Оның айтқан әрбір сөзін зер сала тыңдап, мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қолдаулардың жыл санап артып келе жатқандығына тұрғындар ризашылық білдірді

Тағы да оқыңыз: