Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының жастары барыс жылын қорытындылап, «Болашаққа үміт жастарға сенім» атты аудандық жастар форумын өткізді. 

Аудан орталығындағы «RR» салтанат сарайында өткен шарада қазалылық жастардың қол жеткізген жетістіктері мен жоғары көрсеткіштер сараланды. Қоғамдық өмірге белсене араласқан жастар мен таланттарға қолдау көрсеткен жастар жанашырлары марапатталды.

Жастар форумына қазалылықтармен қатар, Қызылорда қаласы мен көршілес Арал ауданының жастары, республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығының иегерлері шақырылды.

Басқосуға қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, қазалылық жастардың бағындырған белестерін ерекше атап өтті.

Мұнан соң жастарға қолдау көрсетіп жүрген облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, «Агро Өркен» ЖШС директоры Медеу Есқожаев, «Сауаптан құр қалмайық» қоғамдық қорының директоры Мақсұт Қарымсақов, жеке кәсіпкер Әділет Қарымсаққа «Жастар жанашыры» номинациясын табыстап, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ, өз мамандығы бойынша еңбек етіп жүрген жастарды «Жыл таңдауы» номинацияларымен марапаттады.

Аудан басшысының қолынан марапат алғандардың қатарында бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Гүлсая Ержан, қайырымды жас Жангелді Аяғанов, математика пәнінің мұғалімі Құдайберген Төлепбергеновтер де бар.

Салтанатты шарада облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Тілес те құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қазалылық жалынды жастарды марапаттады.

Аудандық форумда жергілікті өнерпаздармен қатар, жастардың арасында танымал әншілер, жерлестеріміз Ринат пен Асылжан Шамшырақтар өнер көрсетіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ, республикалық «Жайдарман» ойындарының чемпионы, «Арал-ас» КВН командасының белді мүшесі Ақылбек Іскендіров те өнер көрсетіп, аудандық форумның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.

Аудандық жастар форумы одан әрі көңілді би кешіне ұласты.

318749977_3533183826902539_2640787707622866133_n.jpg

 

318295432_3533183136902608_2786273508811737449_n.jpg

 

318610468_3533184076902514_2979760302885375578_n.jpg

 

318438941_3533183080235947_8899864616406623597_n.jpg

 

318327693_3533183636902558_5268520842482626081_n.jpg

Тағы да оқыңыз: