Kyzylorda-news.kz. «Қыстың қамын жазда ойла» деген. Алда қылышын сүйретіп ызғарлы қыстың келері анық. Осы орайда ертеңгі күнді бүгіннен бастап ойлаған аудан басшылығы қатты отын тасмалдайтын кәсіпкерлермен кездесіп, шаруаның жай-жапсарын талқылады. 

2022-2023 жылғы жылыту маусымына Қазалы ауданы бойынша 20000 тонна қатты отын қажеттілігі жоспарланып, оның ішінде 16500 тоннасы халық тұтынуы үшін, қалған 3500 тоннасы әлеуметтік нысандарға пайдалану көзделген. 

Жоспардың айға бөлінісі негізінде тамыз айынан бастап 2024 жылдың ақпан айына дейін толық көлемде орындау үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

Соған сәйкес аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев аудандағы көмір тасымалдаушылардың әкімшілік ғимараттарына арнайы барып, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады. 

Кездесуде тамыз, қыркүйек айларында көмірге деген сұраныстың туындайтынын айтқан Жалғас Оңғарұлы аудан орталығы Әйтеке би кентінде орналасқан "ТОҒЫС-Аралотын" ЖШС-нің жүк түсіру орнына маусым, шілде айларында 350 тонна, жалпы жыл басынан бері барлығы 900 тонна тасымалданғанын жеткізді.

Сондай-ақ, тамыз-қыркүйек айлары үшін ауданға жоспарланған 5000 тонна көмірдің мерзімінде жеткізілуі үшін вагон жетіспеушілігін болдырмау мақсатында ұсыныс жолданғанын айтты.

Тағы да оқыңыз: