Kyzylorda-news.kz  Биыл Қазалы ауданы бойынша – 17 377 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланса, бүгінгі таңда соның – 16317 гектарына егін егілді. Оның ішінде жоспарланған егіс көлемінің –1693 гектар жері «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі.

Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Шермағанбет Қожабақы ауылындағы «Агро Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс даласында болып, диқандармен кездесті.

Серіктестік директоры Медеу Есхожаев аудан басшысына егіс даласындағы қызу тіршіліктің жайымен таныстырды. Дәл қазіргі уақытта серіктестіктің егіс даласында – 750 гектар жерге күріш, 160 гектар бидай, 296 гектар жаңа жоңышқа, 487 гектар ескі жоңышқа дақылдары егіліп, күтімге алынуда. Бүгінгі күнге – 300 гектар жоңышқа дақылының алғашқы орымы қызу жүргізілуде.

Мұнан соң Қазалы ауданы әкімі Кәукей ауылына барып, мұндағы 100 орындық ауылдық клубтың құрылысын көрді. Бүгінгі таңда клубтың құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, сахнасын, музыкалық құрылғыларын, жарықтарын орнату мен есік алдын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі мердігер мекеме басшысы Мейрамбек Шермағанбет пен аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевқа ғимарат ішіндегі және ауласындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп, бұл жұмыстарды тезірек сапалы етіп аяқтауды тапсырды. Ауылдық клубтың құрылыс жұмыстары жақын күндері толықтай аяқталып, ауыл халқының игілігіне пайдалануға берілмек.

Аудан басшысы маңызды нысандарды аралау барысында Қазалы қаласында салынып жатқан жеке кәсіпкер Еркін Алданазаровтың ашық аспан астындағы жазғы демалыс орнының да құрылыс жұмыстарын көрді.

Тағы да оқыңыз: