Kyzylorda-news.kz 31 шілдеде Қазақстан аумағында қауіпті метеорологиялық құбылыстар болжанып отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Солтүстік-батыс циклоны мен оған қатысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі.
Солтүстік, солтүстік-батыс пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін.
Желдің күшеюі республиканың барлық өңірлерінде байқалады. Күндіз оңтүстік және оңтүстік-батыс облыстарда шаңды дауыл тұруы ықтимал. Солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.
Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Жамбыл облысының солтүстік, батыс және шығыс бөліктерінде, сондай-ақ Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Фото: freepik.com