Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның балалар саудасына қарсы іс-қимылы» тақырыбында онлайн семинар-кеңес өтті. 

Өткен жылдың жалпы статистикасы бойынша адам ұрлау фактісінінен көбіне балалар мен жасөспірімдерзардап шеккені мәлім болды. Ресми ақпаратқа сәйкес, 2023 жылдың басынан осы санаттағы 124 қылмыс тіркелді. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, былтыр Қазақстанда адам саудасына қатысты 19 факт тіркелген. Жезөкшелікпен айналысуға тарту – 10 (соның ішінде кәмелет жасқа толмағандарға қатысы 5 қылмыс), адам ағзаларын сату – 4, қанау мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру – 4, притондарды ұстау, жеңгетайлық – 79. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, жақында кезекті рет "STOP трафик" жедел шарасы өтті. Соның нәтижесінде 39 қылмыс анықталды. Екі келіншек туған баласын сатқысы келген. Біреуі Шымкентте құрыққа ілінген. 

Семинар-кеңеске облыстық білім басқармасының қызметкерлері және аудан бойынша білім бөліміндеріндегі салаға жауапты мамандар қатысты.

Аталған семинарда «Адам саудасына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар» тақырыбы бойынша Қызылорда қаласындағы «GSC study» оқу орталығының ағылшын тілі маманы, бала саудасына байланысты облыстық координатор Рахымжанова Жанар Сабитқызы атап өтіп, «Қазақстанның балалар саудасына қарсы іс-қимыл» тақырыбында Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы, бала саудасы бойынша Шиелі ауданының координаторы Бөпежанов Талғат Уалиханұлы жоба қорғады. 

Осы мәселе бойынша Қазақстанда адам саудасы үшін заң күшейтілетіні хабар болды. Заң бойынша ондай қылмыстар үшін 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Өткен жылы ел Президенті «Құқық қорғау саласындағы тағы бір күрделі мәселе – адам саудасы. Бұған тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдау қажет» деп заңға өзгерістер мен толықтыруларды қосуды тапсырған болатын. Айтуынша, мұндай заң адам саудасының құрбаны болған азаматтарды қорғау мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеді.

– Бұл, әсіресе, жаһандық және өңірлік мәжбүрлі көші-қон жағдайында өте өзекті, – деді мемлекет басшысы.

Өңірде өткен семинар қорытындысы бойынша аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілді. 

Еске сала кетейік, жыл басынан бері республикада жаңа туған нәрестелер саудасының 3 фактісі тіркелді. Баланың құны 100 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін бағаланады. 

 

Қорлан САРЫ
Фото: otyrar.kz

Тағы да оқыңыз: