maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz 2024 жылдың басынан бері 5 918 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдар үшін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомстваның мәліметінше, қабылдауға барлығы 6 648 адам өтініш білдірген.

Арнаулы әлеуметтік төлемге 2 көзден (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 612 адам жүгінді, оның ішінде 2 517 адамға тағайындалды.

АӘТ 4 көзден (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 4 036 адам өтініш білдірген, оның ішінде 3 401 адамға тағайындалған.

Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 193 өтініш беруші АӘТ тағайындаудан бас тартылды.

Сурет: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: