Kyzylorda-news.kz. Енді қазақстандықтар YouTube-тан видеоларды жарнамасыз көре алады, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Министр Бағдат Мусин Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен келіссөз жүргізген. Кездесу барысында ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды.
«YouTube өкілдері биыл Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады. Бұл біздің нарықтың ірі технологиялық компаниялар үшін барынша тартымды болып келе жатқанының көрсеткіші», - деді цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.
Premium-аккаунтын ашқан азаматтар видеоларды жарнамасыз көре алады және оларды жүктеп алып, интернетсіз де қарай алады.
Айта кетері, YouTube Premium – ақылы сервис.
