Kyzylorda-news.kz Қазақстандық ата-аналардың едәуір бөлігі балаларының гаджеттерін бақылау үшін арнайы бағдарламаларды пайдаланатынын айтқан, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға жауап бергендердің 43%-ы балалар құрылғыларын бақылауға мүмкіндік беретін түрлі бағдарламаларды қолданатынын мәлімдеген.

Ал респонденттердің 14,8%-ы баланың орналасқан жерін бақылауға арналған арнайы құрылғылар пайдаланатынын көрсеткен.

Сонымен қатар ата-аналардың 10,3%-ы мұндай бақылауды баланың жеке кеңістігіне араласу деп санайтынын айтып, бұл әрекетті құптамайтынын жеткізген.

Тағы 10%-ы балалар гаджеттерін бақылауға уақыт таппайтынын мәлімдеген.

Зерттеу барысында респонденттердің басым бөлігі – 58,9%-ы балалардың экран уақытын бақылауға қатысты сұраққа жауап беруден бас тартқан.

Сарапшылардың пікірінше, зерттеу нәтижелері балалардың цифрлық қауіпсіздігі мен ата-аналық бақылау мәселесі Қазақстан отбасылары үшін өзекті тақырыптардың біріне айналғанын көрсетеді.

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: