Kyzylorda-news.kz  "Жолаушылар тасымалы" АҚ алдағы уақытта тағы үш бағытта әйелдер вагонын қосуды жоспарлап отыр. Осылайша әйелдер вагоны бар пойыздар барлығы 11 бағыт бойынша жүреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық тасымалдаушы "Әйелдер вагоны" жобасын одан әрі дамыту бойынша сауалнама жүргізіп, оған 600-ден астам адам қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша әйелдер вагонын келесі үш бағытта іске қосу туралы шешім қабылданған:

№ 354/353 "Астана – Семей";
№24/23 "Ақтөбе – Алматы";
No25/26 "Алматы – Шымкент".
2024 жылдың бірінші тоқсанында 70 мыңнан астам әйел "Әйелдер вагоны" қызметін пайдаланды. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе өсті. Жалпы 2021 жылдың басынан бері әйелдер вагонымен 359 мыңнан астам адам саяхаттаған.  

ҚТЖ мәліметінше, бүгінде "әйелдер вагоны" сегіз жолаушылар пойызында бар:

№ 77/78 "Алматы – Маңғыстау", № 07 купе;
№ 351/352 "Алматы – Өскемен", № 10 вагон купе;
№ 45/46 "Павлодар – Түркістан", № 09 вагон купе;
№ 37/38 "Маңғыстау – Семей", № 06 вагон купе;
№ 47/48 "Атырау – Астана", № 06 вагон купе;
№ 33/34 "Ақтөбе – Алматы-1", вагон No 06 купе;
№ 4/3 "Астана – Алматы-2", вагон No 17 купе;
No71/72 "Астана – Шымкент", вагон No10 купе.
Осылайша, әйелдер вагоны бар пойыздар барлығы 11 бағыт бойынша жүреді.

Тағы да оқыңыз: