Kyzylorda-news.kz Көлік министрінің «Республикалық маңызы бар Үшарал-Достық жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығы дайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақылы жолдың ұзындығы – 180 шақырым. Автобустар мен жүк көліктері үшін ондағы ақы мөлшерлемесі белгіленді. Бұл жолдың жалпы қызмет ету мерзімі – 20 жыл. Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына орналастырылды.

Бұған дейін Қазақстанда ақылы жолдардағы тарифтерді тағы 20 пайызға көтеру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Тағы да оқыңыз: