Kyzylorda-news.kz Қазақстанда ым-ишара тілі мен дактиль әліпбиі ресми түрде мойындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақ ым-ишара тілі мен дактиль әліпбиін қабылдау мәселесі егжей-тегжейлі пысықталады. Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев айтты.

Қазір ым-ишара тілі ресми мәртебеге ие болған елдердің тәжірибесі зерттеліп жатыр.

Оның айтуынша, Қазақстанда есту қабілеті бұзылған оқушыларға арналған 25 оқулық әзірленген, 2030 жылға дейін тағы 30-ға жуық оқулық шығарылады.

Көшербаев мұғалімдерді даярлайтын "Сурдопедагогика" бағдарламасы республиканың 3 жоғары оқу орнында барын айтты. Арнайы педагогика бойынша мұғалімдерді даярлайтын басқа да бағдарламалар 17 жоғары оқу орнында бар.

Фото: Pinterest

Тағы да оқыңыз: