Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда рөлі оң жақта орналасқан көліктерді бөлшектелген түрде 6 айға әкелуге тыйым салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Министрліктің дерегі бойынша бұйрық "Сауда қызметін реттеу туралы" заңның 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес, сондай-ақ, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес әзірленген.
"Рөлі оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан аумағына бөлшектелген түрде 6 ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін", - деп жазылған өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың бұйрығында.
Министрлік басқа ведомстволарға мына жайттарды хабарлауы керек:
1. Мемлекеттік кірістер комитетіне осы бұйрықтың 1-тармағын заңнамада белгіленген тәртіппен іске асыру бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметімен өзара іс-қимыл кезінде бақылауды қамтамасыз ету туралы;
2. Теміржол және су көлігі комитетіне және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ға (келісу бойынша) Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;
3. Сауда және интеграция министрлігіне белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау қажеті туралы хабардар етсін.
Бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
