Kyzylorda-news.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айттың бірінші күніне, яғни 20 наурызға арналған айт намазының нақты уақытын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ал қасиетті Құрбан айт биыл 27-29 мамыр аралығында аталып өтеді.

Жарияланған мәліметке сәйкес, айт намазы әр аймақта күннің шығу уақытына байланысты әртүрлі уақытта оқылады. Мәселен, Алматы мен Абай облысы тұрғындары үшін айт намазы таңғы 07:00-де басталса, Астана, Шымкент және бірқатар өңірлерде 07:15-ке белгіленген.

Ал батыс өңірлерде намаз уақыты сәл кешірек: Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы және Ақтөбе облысы тұрғындары айт намазын 08:30-да оқиды.

Сондай-ақ кей өңірлерде аралық уақыттар белгіленген. Мысалы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы және Ұлытау облысы үшін уақыт 07:30 деп көрсетілген.

Діни басқарма өкілдері айт намазына алдын ала дайындалып, мешіттерге ертерек келуді ұсынады. Сонымен қатар қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау, бір-біріне құрмет көрсету мерекенің маңызды бөлігі екені ескертілді.

Фото: Freepik.com

ҚМДБ

Тағы да оқыңыз: