Kyzylorda-news.kz. Ұлттық экономика министрлігі Қазақстандағы мерекелер тізіміне қосымша әзірледі. Енді елімізде екі жаңа мереке пайда болады, деп хабарлайды Stan.kz.

9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлер күні;

19 желтоқсан – Жарнама мамандарының күні.

Ведомство өкілінің мәліметінше, Қазақстан кәсіпкерлері үшін ресми мерекені енгізу жүздеген мың қазақстандықтар үшін өзекті әрі маңызды болмақ.

Жаңа мерекелік күн кездейсоқ таңдалмаған. 2013 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстандағы барлық бизнесті біріктіретін “Атамекен” Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы құжатқа қол қойылды.

Сондай-ақ олар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мерекені белгілеу бастамасы мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен еліміздің негізгі қоғамдық-саяси күштерін осы саладағы топтастыруды айғақтайтынын атап өтті.

Жарнама маманының мереке күнінің ҚР “Жарнама туралы” Заңының қабылданған күнімен сәйкес келуі ұсынылды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда шамамен 2 мыңға жуық жарнама ұйымы тіркелген, 100 000 жарнама маманы жұмыс істейді.

Тағы да оқыңыз: