Kyzylorda-news.kz. «Қазақстан Республикасындағы мереке күндерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі осы қаулыға сәйкес жазылсын», – делінген үкімет қаулысында.

Қосымшаға сәйкес жаңа тізімде 19 мереке бар:

1. Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан;

2. Алғыс айту күні – 1 наурыз;

3. Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі;

4. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым;

6. Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі;

7. Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі;

8. Абай күні – 10 тамыз;

9. Спорт күні – тамыз айының үшінші жексенбісі;

10. Семей ядролық сынақ полигонының жабылатын күні – 29 тамыз;

11. Білім күні – 1 қыркүйек;

12. Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;

13. Қазақстан халқының тілдері күні – 5 қыркүйек;

14. Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;

15. Қарттар күні – 1 қазан;

16. Нан күні – 16 қазан;

17. Энергияны үнемдеу күні – 11 қараша;

18. Ұлттық валюта күні – теңге – 15 қараша;

19. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.

Stan.kz

Тағы да оқыңыз: