Kyzylorda-news.kz "Ашық НҚА" порталында елімізде интернетке қоғамдық орындарда қосылу кезінде пайдаланушыларды сәйкестендіру әдістерін кеңейтуге бағытталған байланыс қызметтерін көрсету ережелеріне өзгерістер жобасы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Енді жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер екі факторлы аутентификациядан өтуі қажет.

Екі факторлы аутентификацияда азамат жеке басынды екі түрлі жолмен растауы қажет: біріншісі - SMS арқылы, екіншісі - биометриялық сәйкестендіру.

Тестілеуді бастамас бұрын электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып жүйеге кіру қажет. Осыдан кейін көрсетілетін қызметті алушыға 1414 нөмірінен жеке деректерге қол жеткізуге рұқсат беру туралы хабарлама келеді.

Сәтті авторизациядан кейін жүргізуші кандидаты биометриялық сәйкестендіруден өтуі қажет.

"Күн сайын алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Біздің қызметкерлер осы заңбұзушылықтарды ашу үшін үлкен жұмыс атқарып жатыр. Екі факторлы аутентификация емтихандағы заңбұзушылықтардың санын азайтуға көмектесетініне сенімдімін. Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жеке деректері сенімді қорғалатын болады", – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Жаңа ереже 11 қазанда күшіне енеді, әзірге тек Астана қаласында ғана бар. Еліміздегі барлық арнайы қызмет көрсету орталықтарында екі факторлы аутентификацияны енгізу үдерісін ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Фото: depositphotos.com

Тағы да оқыңыз: