Kyzylorda-news.kz   Орталық басқару орталығында өткен брифингте Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов электрондық цифрлық қолтаңбаны беру тәртібін қайта қарау жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Руслан Әбдіхалықовтың сөзінше, электрондық цифрлық қолтаңбаны файлдық тасымалдағышпен беру тоқтатылады.

“Өздеріңіз білесіздер, биометриялық сәйкестендіру белсенді дамып келеді, яғни бұлтты ЭЦҚ. Сондай-ақ өте сенімді токендер, ЭЦҚ алу мүмкін емес бөлінбейтін медиа. Бұл ретте цифрландыру кезеңінде біздің елімізде барлық азаматты жаппай қамтуға және оларды цифрлық электрондық қолтаңбалармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ең қарапайым әдіс файлдық тасымалдағыштарда ЭЦҚ беру болды. Тиісінше, файлдық тасымалдағыштарда ЭЦҚ беру рәсімін тоқтатқымыз келеді”, – деді Руслан Әбдіхалықов.

Айта кетейік, 30 сәуірде Қазақстанда криптографиялық стандартқа көшу жүзеге асырылды. Соған сәйкес электронды цифрлық қолтаңбаның форматы өзгерді. Бұған дейін Қазақстанда жаңа ЭЦҚ пайда болатыны туралы жазған едік.

Фото: Ашық дереккөзден

Тағы да оқыңыз: