Kyzylorda-news.kz Бағалы қағаздар нарығында сауда жасағыңыз келеді, бірақ неден бастау керектігін білмейсіз бе? Бірінші, лайықты брокерді таңдау керек. Мұны қалай істеуге болатынын және оның немен айналысатынын Fingramota.kz  айтып береді.

Функционал және міндеттер

Брокер – бұл клиенттің тапсырмасы бойынша мәмілелерді жүзеге асыратын адам, яғни биржадан бағалы қағаздар сатып алайын деп жатқан клиент (инвестор) пен бағалы қағаздарды сатуға мүдделі сатушы арасындағы делдал, оның ішінде бағалы қағаздарды шығарған компания. Брокер бағалы қағаздармен мәмілелерді клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және соның мүддесі үшін жасайды және биржаның сауда-саттық жүйесіне тікелей қол жеткізе алады. Барлығы заң шеңберінде және тапсырыс берушінің қалауына сай болу үшін брокер мәмілелердің барлық заңды аспектілері үшін жауап береді. Ол үшін брокер өз ісінің нағыз білікті маманы болуы керек және қор нарығы жұмысының барлық аспектілері мен мәміле жасаудың қыр-сырын білуге тиіс.

Ең бастысы! ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға
берген арнайы лицензиясы бар компания ғана брокер ретінде әрекет ете алады.

Брокерлердің қызметтері үшін тарифтер олардың сайттарында жарияланады. Сонымен, брокер комиссияларды не үшін алады? Брокердің комиссиясына тікелей мәміле үшін комиссия, депозитарий қызметтері, шотқа қызмет көрсету, терминалды және биржада операциялар жүргізуге арналған арнайы бағдарламаларды пайдалану  үшін комиссиялық алым кіреді.

Сондай-ақ, оның комиссиясына биржаның өзінің комиссиясы да кіреді. Әдетте, бұл комиссиялар мәміле сомасының тек оннан бір, ал кейбір жағдайларда жүзден бір бөлігін ғана құрайды.

Биржадағы тікелей операциялардан басқа, брокер мынадай қосымша қызметтер көрсете алады: талдамалық болжамдар мен есептер, маржиналды сауда, басқа да консультациялық қызметтер және т.б. Қызмет көрсету сапасы мен көрсетілетін қызметтер брокерлік ұйымдардың тарифтеріне қосылады, сондай-ақ басқа ұйымдармен бәсекелес элементтер болып табылады.

Брокер мен клиенттер арасындағы жұмыс олардың құқықтары мен міндеттері жазылған және екі тараптың да тиісті көлемде өз құқықтары болатын және өз әрекеттері үшін жауапты болатын шарт негізінде жүргізіледі.

Сондықтан брокермен шарт жасамас бұрын ұсынылатын қызметтер үшін брокердің тарифтерін (комиссияларын), бағалы қағаздармен операциялар жасау кезінде онымен өзара іс-қимыл жасау, жасалған операциялар туралы есептерді алу тәсілдерін қоса алғанда, шарттың барлық талабын мұқият зерделеу, сондай-ақ брокердің ішкі қағидаларымен танысу қажет.

Сенімді брокерді таңдау, әсіресе, егер сіз қаржы нарығында қызметті жаңа бастаған болсаңыз, кез-келген инвестор үшін бірінші және маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанда инвестициялар үшін көп мүмкіндік берілуде, сонымен қатар өз қызметтерін ұсынатын инвестициялық брокерлердің де саны артып келеді. Бұл тұрғыдан алғанда ҚР-да брокерді таңдау кезінде назар аудару қажет негізгі тұстарды атап өтуге болады.

1. Лицензияның болуы және реттеу. 

Ең алдымен, брокерлік шот ашпас бұрын, инвестициялық-брокерлік компанияның Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен (ҚР ҚНРДА) алған қолданыстағы лицензиясының бар екеніне көз жеткізіңіз. Бұл брокердің заң аясында жұмыс істейтініне және қаражатыңыздың қорғалулы екеніне кепілдік береді. Мұны Агенттіктің ресми сайтында тексеруге болады. 

2. Компанияның беделі және нарықтағы тәжірибесі.

Брокерлік компаниялар туралы пікірмен таныс болыңыз, оның тарихын тексеріңіз. Нарықта 5-10 жыл немесе одан да көп жұмыс істейтін компаниялар үлкен тәжірибе мен тұрақтылыққа ие. Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы, Қазақстан қор биржасына (KASE) және Astana International Exchange мүшелігі сияқты кәсіби қауымдастықтарға қатысуына назар аударыңыз.

3. Сауда алаңы және технологиялар. 

Жақсы инвестициялық брокер ыңғайлы және сенімді сауда алаңын ұсынады. Интерфейс түсінікті және жұмыс тұрақты болуы керек.

4. Комиссиялар мен алымдар.

Брокерлік компанияларға хабарласпас бұрын тарифтермен мұқият танысу керек:

  •  Мәмілелер үшін комиссия (көлемнің пайызымен)
  •  Бағалы қағаздарды сақтау комиссиясы
  •  Қаражатты енгізу/шығару үшін комиссия

Сізге ең арзан брокерді таңдаудың қажеті жоқ, баға мен қызмет сапасының  арақатынасы маңызды.

Финграмота брокер.jpg

Тағы да оқыңыз: