Kyzylorda-news.kz Алдағы жылдары Қазақстан азаматтары үшін автонесие рәсімдеу оңайырақ болады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (АРРФР) жаңа қаулы қабылдап, автонесие беру шарттарын жеңілдетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа ережеге сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін автонесие рәсімдеген кезде қарыз жүктемесі коэффициентін (ҚЖК) есептеу талабы қолданылмайды.

Бұл нені білдіреді?

Бұрын банктер несие алар кезде қарыз жүктемесі коэффициентін есептеп, табысы жеткіліксіз немесе басқа несиелері бар азаматтарға несие бермейтін еді. Енді бұл талап жаңа автокөлік сатып алатындарға қолданылмайды, яғни табысы төмен азаматтар да несие ала алады.

Маңызды шарттар:

- Бұл жеңілдік тек жаңа көліктерге беріледі (қолданылған көліктерге қатысты емес).
- Көлік Қазақстанда алғаш рет тіркелуі керек.
- Сатып алынған көлік несиеге кепіл ретінде қойылады.

4% автонесие бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

Бұл бағдарлама 4% жылдық мөлшерлемемен, 7 жылға дейінгі мерзіммен, 0%-дан басталатын бастапқы жарнамен несие алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны екі қаржы институты жүзеге асырады: "Өнеркәсіпті дамыту қоры"АҚ және "Қазақстан даму банкі" АҚ.

Президент тапсырмасымен 2022 жылы "Жасыл даму" компаниясының қаражаты есебінен 100 млрд теңге бөлінген. Осы қаржыға 2024 жылдың соңына дейін 13 343 адам жалпы сомасы 105,8 млрд теңгеге автонесие рәсімдеді. Бағдарламадан түскен қайтарым қаражаттар автобус лизингін қаржыландыруға бағытталуда.

Шарттары:

Жылдық мөлшерлеме – 4%
Несие мерзімі – 7 жылға дейін
Бастапқы жарна – 0%
Максималды несие сомасы – 10 млн теңге
Автокөліктің ең жоғарғы құны – 15 млн теңге

2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл бағдарлама аясында 37 728 несие рәсімделіп, 230,7 млрд теңге бөлінді. Ай сайын 200-250 жаңа автонесие мақұлданады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: