Kyzylorda-news.kz Қазақстанда алдағы сәрсенбі, 2026 жылғы 22 шілдеде қатты ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы +38°С-қа дейін төмендейді. Сонымен қатар жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі ұсынған ауа райы болжамында айтылған. 

«Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, бұршақ жаууы, дауыл болуы мүмкін. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болжанады. Түнде және таңертең солтүстік пен оңтүстік-батыс өңірлерде тұман түседі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Сонымен қатар кей өңірлерде өрт қаупі сақталады.

Фото: magnific.com

Тағы да оқыңыз: