Kyzylorda-news.kz Қазақстанда 2025-2026 оқу жылына арналған оқу мерзімі, оқушылардың каникул кестесі және қорытынды аттестация уақыты бекітілді.

Құжатқа сәйкес, жаңа оқу жылы 2025 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

1-11 (12) сыныптар үшін оқу тоқсандары мен каникул мерзімі:

  • 1-тоқсан – 8 апта, күзгі каникул: 2025 жылғы 27 қазан – 2 қараша;
  • 2-тоқсан – 8 апта, қысқы каникул: 2025 жылғы 29 желтоқсан – 2026 жылғы 7 қаңтар;
  • 3-тоқсан – 10 апта, көктемгі каникул: 2026 жылғы 19-29 наурыз;
  • 1-сынып оқушыларына қосымша каникул: 2026 жылғы 9-15 ақпан;
  • 4-тоқсан – 8 апта.

Қорытынды аттестация мерзімі:

  • 9 (10) сыныптар – 2026 жылғы 29 мамыр – 11 маусым;
  • 11 (12) сыныптар – 2026 жылғы 2-15 маусым.

9 (10) сыныптар үшін емтихан кестесі:

  • Математика (алгебра) – 29 мамыр;
  • Таңдау пәні – 3 маусым;
  • Қазақ/орыс/ана тілі (эссе немесе жазба жұмыс) – 8 маусым;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тіліне байланысты) – 11 маусым.

11 (12) сыныптар үшін:

  • Қазақстан тарихы (ауызша) – 2 маусым;
  • Алгебра және анализ бастамалары – 5 маусым;
  • Қазақ/орыс/ана тілі – 9 маусым;
  • Таңдау пәні – 12 маусым;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті – 15 маусым.
  • Бекітілген бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: