Kyzylorda-news.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ Ұлттық тасымалдаушының 1 маусымнан бастап Орал-Маңғыстау бағыты бойынша әйелдер вагонын іске қосатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Вагон №614/613 пойызы құрамында жүреді. 

Компания әйелдер вагондары келесі бағыттар бойынша қатынайтынын еске салды:

  • №77/78 "Алматы – Маңғыстау";
  • №351/352 "Алматы – Маңғыстау";
  • №45/46 "Павлодар – Түркістан";
  • №37/38 "Маңғыстау – Семей";
  • №47/48 "Атырау – Астана";
  • №33/34 "Ақтөбе – Алматы";
  • №4/3 "Астана – Алматы";
  • №71/72 "Астана – Шымкент";
  • №354/353 "Астана – Семей";
  • №24/23 "Ақтөбе – Алматы";
  • №25/26 "Алматы – Шымкент";
  • №614/613 "Орал – Маңғыстау".

“Әйелдер вагондарында ер адамдардан тек жеті жасқа дейінгі ұл балаларға ғана рұқсат етіледі. Мұндай вагондарда тек әйелдер жолсерік болып жұмыс істейді”, – делінген хабарламада.

Компания өкілдері жолаушыларға билеттерді онлайн рәсімдеу кезінде 'ЖН' (әйелдер) аббревиатурасына назар аударуға шақырды. Бұл билет тек әйелдерге сатылатынын білдіреді.

Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар 2021 жылы пайда болды. 

Фото: Қазақстан темір жолы

Тағы да оқыңыз: