Kyzylorda-news.kz Шиелі аудандық "Руханият" орталығында жетінші рет өткізіліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қазақстан – татулық пен достықтың отаны» атты форум ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында еліміздегі барлық этностар біртұтас Қазақстан халқын құрайтынын атап өтті. Президент достық, ынтымақ және тұрақтылық біздің ең басты жетістігіміз екенін айтып, Ассамблеяның қоғамды ортақ мақсаттарға жұмылдыратын орган болуы керектігін ерекше айтты.
Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы және облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Құрманов Руслан Болатбекұлы сөз сөйледі. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің Шиелі ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Абызбаева Самал Бектайқызы жыл бойында этностар жайлы атқарған жұмыстарын баяндады.
Форум барысында ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік өміріне белсенді атсалысып жүрген бірқатар азаматтарды облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.