Kyzylorda-news.kz Олжас Бектенов маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдерінің тапшылығына және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды.
Үкімет қысқы және көктемгі кезеңдерге көкөніс қорын дайындау жұмыстарын күшейтеді.
«Қысқы және көктемгі кезеңдерге көкөніс, әсіресе картоп қорын дайындап алу басым бағыт болып қала береді. Егін орағы кезінде қажетті көлемдерді алдын ала келісімшарт арқылы уақтылы сатып алып, сақтауға қою керек. Өңір әкімдіктері бұл мәселені бақылауда ұстап, маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдерінің тапшылығына және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге тиіс. Бұл ретте өнімнің артылған көлемін экспортқа бағыттау қажет. Сауда және Көлік министрліктері шаруаларға өнімді өткізу нарықтарын іздестіруге және сатуға жәрдемдесуге тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.
Сурет: ҚР Үкіметі
