Kyzylorda-news.kz  28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орай Қазақстан Халық партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қайрат Ерназаров бір топ журналистерді құттықтады.

– Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қызығы мен қиындығы қатар келетін журналистика саласы үлкен еңбек пен табандылықты талап етеді. Сіздер өңіріміздің тыныс-тіршілігін, бүгіні мен ертеңін қазіргі кезде болып жатқан тың өзгерістер мен өзекті мәселелерді шынайы түрде қалың бұқараға жеткізіп келесіздер. Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші Сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тілеймін, – деді Қайрат Шаршыбекұлы.

Мереке қарсаңында Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалы жыл бойы партия жұмысын ақпараттандырып отырған “ҚОҒАМ ТВ” телеарнасы мен «Сыр бойы», «Ақмешіт апталығы» газеті, “Kyzylorda-news.kz” ақпараттық агенттігінің тілшілерін арнайы құттықтап, мерекелік сертификаттар табыстады.

Тағы да оқыңыз: