Kyzylorda-news.kz. «URANkz» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен “Қазақстанның Халық” партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді біріктірген қызыл автобус Қызылорда қаласындағы саяжайларда болды.
Бір топ журналист пен блогер тұрғындардың жай-күйі жайлы ақпаратпен интернетте бөлісті.
Тұрғындардың хабарлауынша, келесі күні оларға әкімдіктің қызметкерлері келген. Автобус мерекеден кейін қатынайтын болады деп уәде еткен.
Ең қызығы, бұқаралық ақпарат құралдарында Қызылорда әкімдігі «3-4 адамның пікірі қоғамның пікірін білдірмейді» деп, «Ягодка», «Пищевик» саяжай алабтарына автобус қатынамайды деген ақпаратты жоққа шығарған. Мұндай жаңалық тұрғындардың ашуын шақырды.
