Kyzylorda-news.kz  "Қазақстан халқына" қоры еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі. Бұл қаражат үй салуға жұмсалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы фондтың Telegram-арнасында жазылды.

Ақпаратқа қарағанда, 31 наурызында "Қазақстан халқына" Қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев пен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Олжас Бектеновтың кездесуі өткен.

“Тұжырымдамаға сәйкес Қордың мақсаттарының бірі төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету болып табылады. Осыған байланысты Қор Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жалпы сомасы 5 млрд теңгеге су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсететін болады”, – делінген ақпаратта.

Қайырымдылық көмек көрсетудің негізгі талабы жергілікті атқарушы органдардың объективті тексеріс жүргізуі және тиісті сараптама ұйымдарының ауылдық тұрғын үйді жарамсыз деп тану фактісі болып табылады.

“Сондай-ақ, Қор тарапынан 2022 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында көрсетілген қайырымдылық көмек тәжірибесіне сүйеніп, ауылдық елді мекендердегі су тасқынынан зардап шеккен осындай 200 үй салуға болады деп пайымдайды. "Қазақстан халқына" қоры ҚР Президенті Қ. Тоқаев пен Қазақстан үкіметінің су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға бағытталған барлық шараларын қолдайды”, – делінген мәліметте.

Фото: Stan.kz

Тағы да оқыңыз: