Kyzylorda-news.kz. Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі аясында мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау бағытында белсенділік танытып жүрген бірқатар сала мамандары мен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқауының жүлдегерлері марапатталды.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы А. Есмаханов кіріспе сөз сөйлеп, қатысушыларға мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Жиын барысында «Orda travel» туристік фирмасының, «Arafat» кафесінің ұжымдарына, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы С. Черняева, «Сыр дидары» газетінің меншік иесі А.Орынбаевтарға басқарманың Алғыс хатын табыстады.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының жүлдегерлері облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Т.Бекмырзаев, Шиелі аудандық «Шарайна-Сейхун» газетінің тілшісі Ғ.Рүстембек, «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі А.Сүлейменова, облыстық «Qyzylorda» телеарнасы ұжымы басқарма басшысының Алғыс хатымен және ескерткіш сыйлықпен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: